Шымкент МӨЗ Еуро-4 және Еуро-5 жанармайын шығара бастады

726

 Шымкент МӨЗ Еуро-4 және Еуро-5 жанармайын шығара бастады

Шымкент мұнай өңдеу зауыты Еуро-4 және Еуро-5 стандартына сай жанармай шығаруды бастады. Жаңғырту жобасының алғашқы кезеңін аяқтау нәтижесінде мұнай өңдеу тереңдігі 80 пайызға артып, өнім шығару көлемі жылына 6 млн тоннаға, жанармай өндірісі 3 есе көбейді. Жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңінде зауытта шикізатты ыдыстарға саңылаусыз құятын қондырғы іске қосылды. Сондай-ақ қуаты жылына 1,5 млн тонна дизель отынын гидроТазалайтын және жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы іске қосылып жұмыс істей бастады.

Айта кетейік, инновациялық тың технологиялар автоматты түрде басқарылады. Мамандардың айтуынша, бұдан былай ауа ластанбайды.

Нұржан Әбдуалиев, Шымкент мұнай өңдеу зауытының инжиниринг бойынша менеджері:

"Күкірт неге маңызды, өйткені, ол жанармай өртенген кезде күкірт өте зиянды қоспалар өндіреді. Ол қаншалықты аз болса, соншылықты біздің ағзамызға зиянсыз болады. Қазір, біз соны өте төмен дәрежеге жеткіздік. Ол ППМ-нен кем емес біздің шығарып жатқан бензинде."

Естеріңізге сала кетейік, 2 кезеңнен тұратын Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы 2011 жылы басталған болатын. Құрылымдау жұмыстарының екінші кезеңі толық аяқталса, зауыт еліміздегі әлемдік талаптарға сай ірі кәсіпорынға айналатын болады. Жыл сайын Шымкент мұнай өңдеу зауытынан ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарға 4 млн тоннаға жуық мұнай өнімдері жөнелтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу