Шымкент МӨЗ-ге мұнай тасымалданатын магистральдік құбыр учаскесіндегі ақау жөнделді

1342

"Павлодар-Шымкент" магистральдік құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шымкент МӨЗ-ге мұнай тасымалданатын магистральдік құбыр учаскесіндегі ақау жөнделді

"ҚазТрансОйл" АҚ "Шолақ-Қорған" БМАС – "ПКОП" ҚТП учаскесінде магистральдік мұнай құбырын жөндеу жұмыстарын аяқтағанын хабарлады.  

Шымкент МӨЗ-ге мұнай тасымалданатын "Павлодар-Шымкент" магистральдік құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізілді.

Компания бас директорының орынбасары Сәбит Арыновтың айтуынша, аталған учаскеде құбырішілік геометриялық снарядпен құбырды тексеру нәтижесінде "жаншылма" түрінде ақаулар анықталған. Деформация бедері күрделі аймақ арқылы өтетін мұнай құбыры учаскесінде топырақтың жылжуы нәтижесінде пайда болған. Осылайша мұнай құбыры учаскесін жөндеу туралы шешім қабылданыпты.

Айта кетсек, "Павлодар-Шымкент" магистральдік мұнай құбыры 1983 жылы пайдалануға берілген, оның ұзындығы 1640,4 км құрайды. Мұнай құбыры Павлодар, Қарағанды және Түркістан облыстарының аумақтары арқылы өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу