Шымкент мұнай өңдеу зауыты ("ПКОП" ЖШС) сұйытылған мұнай газын (СМГ) өндіру және жөнелту ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес тұрақты жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Шымкент МӨЗ Шымкент қаласынан басқа, еліміздің басқа оңтүстік өңірлеріне (Алматы қ., Түркістан және Жамбыл облыстары) тиеп жөнелтуді жүзеге асырады. Қазан айында 25,3 мың тонна өндірістің жиынтық жоспары кезінде кәсіпорын 31,5 мың тонна сұйытылған газ жөнелткен. Осы жылдың қараша айының 15 күнінде жоспарлы көрсеткіш 15,8 мың тонна болған кезде тұтынушыларға 16,4 мың тонна (бұған дейін жинақталған қалдықтардан 587 тоннаны қосқанда) жіберілген.
"СМГ орташа тәуліктік өндірісі қазан айында 1042 тоннаны, тиеп жөнелту - 1019 тоннаны құрады, бұл тәулігіне 29-30 вагон-цистернаға сәйкес келеді. Қарашаның 15 күнінің қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1102 тоннаға жетті, ал тиеп-жөнелту – 1097 тонна (29-30 вагон-цистерна)", - делінген хабарламада.
Шымкент қаласы бойынша қараша айында зауыт 7,5 мың тонна СМГ жөнелтуді жоспарлаған. 15 күннің қорытындысы бойынша 3,8 мың тонна (жоспардың 50%) жөнелтілді. Жоспарлы орташа тәуліктік тиеп-жөнелту шамамен 7 вагон-цистернаны құрайды.
Жалпы алғанда, газды жөнелту Шымкент МӨЗ резервуарларында өнімнің жинақталуына және паспортталуына, сондай-ақ тұтынушылардан өтінімдердің келуіне қарай жүзеге асырылады. Мұндай тәжірибе дәстүрлі болып табылады және оны тек отандық зауыттар ғана емес, бүкіл әлемдегі МӨЗ де қолданады.