Министрліктің ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық жабдықтар мен құбырларды, энергетикалық жабдықтарды, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін және бақылау-өлшеу құралдарын куәландыру үшін мұнай өңдеу зауыттарына жоспарлы түрде алдын ала жөндеу жүргізу талап етіледі.
"2022 жылғы желтоқсанда бекітілген кестеге сәйкес, Шымкент мұнай өңдеу зауытына биыл 15 наурыз бен 9 сәуір аралығында жөндеу жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары жабдықтың жұмыс қабілеттілігі мен оның жекелеген бөліктерін ауыстыруды, қалпына келтіру және оларды реттей отырып, қамтамасыз етуді көздейді", - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметінен.