Шымкент мұнай өңдеу зауыты уақытша жұмысын тоқтатады

2490

Оңтүстікте жанар-жағармай тапшылығы туындауы мүмкін, деп хабарлайды  Аtameken Business.  

 Шымкент мұнай өңдеу зауыты уақытша жұмысын тоқтатады

Өйткені, 6-шы мамырдан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауыты кезекті жөндеу жұмыстарына жабылады. Профилактикалық қызметтер бір айдан ұзаққа созылуы мүмкін. Айтып өтейік, аталған кәсіпорын оңтүстіктегі жылына 600 мың тоннадай жанармай өндіретін бірден бір зауыт. Енді, ол тоқтаса жағдай қиындауы ықтимал. Өйткені, қазір өңірдегі ауылшаруашылығы өнімдерін егу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бірақ еліміздің энергетика министрлігі барлығы бақылауда деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу