"Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау" жобасының екінші кезеңі аясында қуаты жылына 2 млн тонна жоғары октанды отын өндіретін RFCC каталитикалық крекинг қондырғысының көлемі үлкен R-1001 реакторын және R-1002 регенераторын монтаждау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды kmg.kz.
Пісіру (дәнекерлеу) жөніндегі, термоөңдеу жөніндегі және пісіріп (дәнекерлеп) жапсарланған жерлерді бақылау жөніндегі 200-ден астам тәжірибелі мамандар мен жұмысшылар пайдаланылған катализаторды аулауға арналған 1-ші және 2-ші сатылы жиырма циклоны бар регенератордың 260 тонналық жоғарғы жағындағы жартылай сферасын монтаждауды аяқтады.
Реактор мен регенератордың сегменттерін жинау мен монтаждау жұмыстары 2017 жылғы 19 ақпаннан бастап 31 шілдеге дейін 5 ай ішінде жүргізілді.
R-1001 реакторы бағасы арзан фракцияларды – вакуум газойлі мен мазутты – автобензин және дизель отынының компоненттері сұйытылған көмірсутекті газға айналдыруға арналған. Реактордың биіктігі – 56 м., диаметрі – 6 метрден асады, реактордың салмағы 293 тонна болса, ішіндегі қайнау температурасы 550 °С-қа дейін жетеді. Пайдаланылатын технологиясы – UOP компаниясының технологиясы (АҚШ).
R-1002 регенераторы RFCC каталитикалық крекинг қондырғысының катализаторын регенерациялау және ұтымды пайдалану үшін арналған.
Мемлекеттік органдар тарапынан техникалық куәландырудан өткізілгеннен кейін және пайдалануға қосуға рұқсат берілгеннен кейін R-1001 реакторы мен R-1002 регенераторы каталитикалық крекинг қондырғысының жұмысына қосылатын болады. Регенератордың биіктігі – 40 м., диаметрі – 10 метрден асады, регенератордың салмағы 720 тонна, ішіндегі қайнау температурасы 780 °С-қа дейін жетеді. Пайдаланылатын технологиясы – UOP компаниясының технологиясы (АҚШ).
Салынып жатқан, қуаты жылына 2 млн тонна жоғары октанды отын өндіретін каталитикалық крекинг қондырғысы – жоғары октанды отын компоненттерін алу үшін мұнай өңдеу зауытының технологиялық схемасындағы негізгі процесс екенін айта кету қажет.