Шымкент мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

1034

Елде жанармай қоры жеткілікті ме?

Шымкент мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды Фото: aimak.com.kz

“ҚазМұнайГаз” АҚ Шымкент мұнай өңдеу зауытында 25 наурыздан бастап жоспарлы алдын алу жұмыстары басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Компания деректеріне сәйкес жұмыс кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау мақсатында және ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

"Зауытта жұмыс басталған уақытта ішкі нарыққа мұнай өнімдерін біркелкі тиеп жөнелту үшін барлық өнім желісінің жеткілікті қоры жинақталды. Бұл ретте Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде отын өндіруді жалғастырады", – делінген хабарламада. 

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жұмылдырылған мердігер ұйымдармен жоспарлы алдын алу жұмыстары бойынша алғашқы жиын өткен екен. Зауыт басшылығы жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау және жұмыс процесін тиімді жоспарлау міндеттерін қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу