Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаттылығын кеңейту авиакеросин өндірісін үш есеге, жылына 1 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
"Қазір біз Қазақстанның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру нұсқаларының бірі ретінде Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаттылығын 2030 жылға қарай қазіргі 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін кеңейтуді қарастырып жатырмыз. Егер авиокеросин туралы айтатын болсақ, онда бұл авиокеросин өндірісін үш есеге ұлғайтады. Біздің ойымызша, бұл авиацияның қажеттіліктерін толығымен жабуға жеткілікті", – деді спикер елордада өтіп жатқан авиациялық форумда.
Айта кететіні, Шымкент мұнай өңдеу зауытың мүмкіндігін жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін кеңейтуді жобалау жұмыстары басталды. Бастапқыда 2029 жылға қарай қуаттылық жылына 9 млн тоннаға дейін ұлғайтылады деп болжанған болатын. Кейіннен ел басшылығы зауыттың өндірістік қуатын кеңейтіп, өңдеу көлемін жылына 12 млн тоннаға жеткізу міндетін қойды.
2022 жылдың соңында Шымкент мұнай өңдеу зауыты рекордтық 6,2 млн тонна мұнай өңдеді.