Шымкент мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеу 2023 жылдың наурыз айына жоспарланған

751

Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шымкент мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеу 2023 жылдың наурыз айына жоспарланған

"Шымкент мұнай өңдеу зауытында күрделі жөндеу жұмыстары келесі жылдың басына, шамамен наурыз айына жоспарланған", – деді Қарабаев арнайы брифингте.

Айта кететіні, зауыттың жобалық қуаты жылына 6 млн тонна, өңдеу тереңдігі 81,6%-ды құрайды. Шымкент мұнай өңдеу зауыты 1985 жылы салынған.  

Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы "ҚазМұнайГаз" бен CNPC компания акцияларына 50%-дан иелік етеді.
        
Еске сала кетсек, 15 қыркүйекте Атырау мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ) жоспарлы жөндеу жұмыстары басталады.
Қазақстанда үш ірі мұнай өңдеу зауыты бар – Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай-химия зауыты.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу