Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндіріс көлемі арттырылады

875

Елде әзірге төртінші мұнай өңдеу зауыты салынбайды. Десе де Шымкент МӨЗ-і кеңейтіледі, мұны аталмыш жоба іске асырылады деп есептеуге болады.

Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндіріс көлемі арттырылады

Бұл – Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың дүйсенбіде өткен ОКҚ брифингінде айтқаны, деп жазады inbusiness.kz.

"Шымкент МӨЗ-ін кеңейту мүмкіндігін егжей-тегжейлі қарастырамыз. Себебі бұл зауыт бастапқыда 12 млн тонна қуаттылыққа жоспарланған және зауыт шаруашылығының аумағы да оған жеткілікті", – деді Ақшолақов.

Министр бес немесе 10 млн тоннаға арналған толыққанды жаңа МӨЗ салу зауытта тауардың іркілуіне (тауар артылып,. Сатылмай қалуына) әкеледі деп түсіндірді. Өйткені көрші елдер "Қазақстаннан мұндай көлемде экспорттамайды". Сондықтан Шымкент МӨЗ-ін екіден үш миллион тоннаға кеңейту көзделді.

"Егер бүгінгі күні қуаттылығы алты млн тонна болса, біз оны тоғыз млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір серіктестерімізбен келіссөздер жүргізіліп жатыр", – деп атап өтті Ақшолақов.

Келіссөздер сәтті аяқталса, кеңейту жұмысы үш-төрт жылда орындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу