5-қаңтар күні Шымкент-Ташкент халықаралық автобус бағдары ашылды. Аталған бағыт бойынша қалааралық жайлы автобустар сағат сайын күнделікті таңғы 6-дан 20:00-ге дейін жүреді, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.
Жалпы, жол жүру уақыты техникалық аялдамасыз 4 сағатты құрайды. Автобустар, жолаушылар және қол жүгі кедендік тексеру мен шекаралық бақылаудан кезексіз өткізіледі.
Қазақстан жағынан KazNetworkBus ЖШС, ал Өзбекстан жағынан ManzaraTourism ЖШҚ тасымалдаушылары белгіленді.
2018 жылы екі елдің басқа да ірі қалалары арасында кезең-кезеңмен тұрақты автобус қатынасы іске қосылады деп жоспарлануда.
Шымкент-Ташкент бағдары бойынша тұрақты халықаралық автокөлік тасымалына рұқсат 2017 жылдың 26 желтоқсанында берілген болатын.
Айта кету керек, соңғы 17 жылда Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушы тасымалдайтын автобус болған жоқ.