Шымкент полицейлері қонақүйдегі арыстанды іздестіріп жатыр

1168

Шымкентте қонақ үйдегі арыстанның кішкентай баласы туралы видео тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Шымкент полицейлері қонақүйдегі арыстанды іздестіріп жатыр

Видеода арыстанның Шымкент қаласы Қағанат көшесі, 30 мекенжайында орналасқан JadiAs қонақүйінде қамауда отырғаны айтылған.

Осыған байланысты Шымкент қалалық полиция департаменті әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полицейлер арыстанды іздеу жұмысын жалғастыруда" деп мәлім етті полициядан.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу