Шымкент полициясы борышкер жүргізушілерден 20 миллион теңгені өндіріп алды

367

Жұмысты өтеуге 700 полиция қызметкері мен атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметкерлері жұмылдырылды. 

Шымкент полициясы борышкер жүргізушілерден 20 миллион теңгені өндіріп алды Фото: inbusiness.kz

Шымкент қаласының аумағында 4-8 желтоқсан аралығында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты  Шымкент қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Шараның екі күнінде полиция қызметкерлері мен атқарушылық іс жүргізу органдарының мамандары бірлесіп, берешегі бар көлік тізгіндеушілерінен 20 миллион теңгеден астам қаражат өндірді. Сондай-ақ, қарызын өтеуден жалтарып жүрген жүргізушілерге төленетін төлемдер туралы ескертіліп, 119 автокөлік айыптұраққа қамалды", - делінген хабарламада.

Мысалы, күні кеше Қонаев даңғылының бойында "Chevrolet Damas" автокөлігі тоқтатылып, жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның көлік басқару құқығы шектелгені және 39 млн теңге өтелмеген қарызы бар екені анықталды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, көлік автомобиль тұрағына қойылды және қала тұрғыны оны қарызын өтегеннен кейін ғана алып кете алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу