Шымкент Сәулет басқармасының басшысы аса ірі көлемде ақша жымқыру дерегі бойынша күдікке ілікті

776

Қазіргі кезде ол уақытша тергеу изоляторында.  

Шымкент Сәулет басқармасының басшысы аса ірі көлемде ақша жымқыру дерегі бойынша күдікке ілікті

Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Жеңіс Байымбетов аса ірі көлемде бюждет қаржысын ұрлау дерегі бойынша күдікке ілігіп қамауға алынды деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі.

"Шенеунік 2019 жылдың ақпан-тамыз айларының аралығында алдын ала мердігерлермен сөз байласып аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдікке ілікті. Ол сәулет және қала құрылысы саласында қолданысқа жарамсыз топогрфиялық түсірілім үшін мемлекетті сатып алу келісімшарты бойынша мердігерге қаржы аударған", – деп жазылған хабарламада. 

Келтірілген шығын көлемі жарияланбаған. Қазіргі кезде күдікті тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына отырғызылды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу