Шымкент шенеунігі қос азаматтығы бар деп айыпталды

1652

Kozachkov offside телеграмм-каналында Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының қос азаматтығы бар екендігі туралы жазылды.

Шымкент шенеунігі қос азаматтығы бар деп айыпталды

Ақпарат көзі "Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов" деп көрсетілген құжаттың көшірмесін жариялап, "Олег Владимирович! Сіздің қос азаматтығыңыз бар ма? Мемлекеттік қызметке қалай келіп жүрсіз?" деген сауал тастапты.

Көшірменің "тұрған жері" деген жазудың тұсында "Московская область" деп, ал "азаматтығы" деген жолақта "Ресей Федерациясы" деп жазылған. Бірақ "туған жері" дегенде Шымкент қаласы көрсетіліпті. 

Алайда Шымкент қаласының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловта бір ғана азаматтық бар. Ол – Қазақстан Республикасының азаматы", – деп хабарлады қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Малика Жәлилова.

Еске сала кетсек, Олег Почивалов биыл маусым айында ғана аталған басқарманың басшысы болып тағайындалған еді. Бұған дейін  "Қазақстан спорттық ату федерациясы" ҚБ"-ның бас хатшысы, Азия ату конфедерациясы Бас Ассамблеясының атқарушы комитетінің мүшесі (ASC), "Ату түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК"-ның директоры қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, ол – стенд ату бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу