Шымкент, шымкенттіктерге қатысты негативтен қалай құтылуға болады?

1042

Елімізде ерекше кітаптың тұсауы кесілмек. Мәдениеттанушы-философ Абылайхан Қалназаровтың "ШЫМКЕНТТІҢ ЖҰМСАҚ КҮШІ" кітабы жарық көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Шымкент, шымкенттіктерге қатысты негативтен қалай құтылуға болады?

Елімізде әзіл-шыны аралас "шымкенттіктер" туралы "ақиқат пен аңыз" көп. Автордың айтуынша, кітап "жаман" Шымкентті қалай "жақсыға" айналдыру, яғни Шымкент қаласының брендін тиімді басқару мен имидж-идеологиясын ілгерілету туралы. Сондай-ақ бұл кітап мемлекеттік басқару саласы мамандары, басшылары, PR мамандары үшін таптырмас құрал болмақ.

Жоба атауының өзі елең еткізеді. Қазақ тілінде жазылған тұңғыш политтехнология кітабының тұсауы 18 қаңтар күні Ұлттық академиялық кітапханада (Астана қ., Достық көшесі, 11) сағат 11:00-де кесіледі. 432 беттен тұратын кітапта не туралы жазылған, атауы неге "жұмсақ күш" деп қойылғаны туралы автордың өзі баяндап бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу