Шымкент су тасқынына қамданып жатыр

1122

Шымкент  су тасқынына қамданып жатыр

Шымкенттіктер қызыл судың алдын алу үшін ертерек қамданды. Коммуналшылар қашыртқы арықтар мен каналдарды қордаланған қоқыстан тазартып жатыр. Бүгін "ЛТД тұрмыс" мекемесінің жұмысшылары "Шымкент" каналын тазартуды қолға алды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Көнекөз қариялардың айтуынша, "Шымкент" каналын жергілікті диқандар көптеп пайдаланған. Ал Кеңес одағы тарағалы бұл каналдың суы да тоқтапты. Есесіне жаға тұрғындарының шайынды сулары жиналатын орынға айналған.

Тұрғындар "Біз бұрын каналға шомылатын едік. Қазір мүлдем су жүрмейді тек шайынды сулар ағады. Малдың ішегін жуатындарды талай айттық, ешкім тоқтата алмайды", — дейді.

"ЛТД тұрмыс" серіктестігі мамандарының айтуынша, бұл каналға су жіберуге болады. Сайрамнан келетін су "Бакалейторг" маңында тоғандалған, шлюзді ашса осы каналға су келеді.

"Шымкент" каналының жалпы ұзындығы 26 шақырым. Каналдың су тасу қаупі бар аумағын қала басшылығы бетондаған. Тазалауға кедергі келтіретін тұстары өте көп. Мұнда техника түгілі адам аяқ баса алмайды дейді мамандар. Соған қарамастан, төрт техника мен 15 жұмысшы каналды наурыз айының ортасына дейін толық тазартуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу