Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "АТФБанк" акционерлік қоғамының "АТФБанк" АҚ-тың күмәнді және сенімсіз активтерін басқару жөніндегі ұйым" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (қазіргі атауы – "Шымкент сыра қайнату зауыты" ЖШС) құруға берілген рұқсаттың күшін жою туралы қаулы қабылдады, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.
"Рұқсаттың күшін жоюы "АТФБанк" АҚ-ға тиесілі "Шымкент сыра қайнату зауыты" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы өз үлесін иеліктен шығаруына байланысты", - деп жазылған хабарламада.
Осылайша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылығы 2021 жылдың 9 ақпанында №9 қаулыға қол қойған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу