15 желтоқсанынан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкент – Тбилиси бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағыты іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Рейстер аптасына 2 рет: дүйсенбі және жұма күндері – Boeing 737 MAX 8 және Boeing 737-800 типті әуе кемелерімен орындалады. Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.
ҚР Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу