Шымкент тұрғындары балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа 12 млн теңге берген

764

Еңбекші АПБ-ға алаяқтық туралы арызбен үш азаматша жүгінді. 

Шымкент тұрғындары балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа 12 млн теңге берген Фото: Inbusiness.kz

Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел оларды балабақшаға тәрбиеші етіп жұмысқа орналастыруға уәде берген.

Күдікті бұл қызметі үшін сенгіш әйелдердің әрқайсысынан қомақты ақша алған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 12 миллион теңге.

Аталған жайт бойынша полицейлер тергеуді бастады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ұстады.

Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда, әйел қамауда отыр. Полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың айласына түспеуді, бейтаныс адамдарға сенбеуді және ақша аудармауды, тек тиісті мекемелерден қызмет алуды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу