Шымкентте 5 мөлтек ауданның халқы таза ауаға зәру. Ынтымақ, Нұршуақ, Тұрлан шағын ауданындағы жұрт бірнеше жылдан бері таза ауамен тыныстаудан қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Тұрғындардың қолқасын қапқан – қаланың кәріз жүйесін тазарту қондырғысынан шығатын қолаңса иіс. Халықты қаншама жылдан бері қажытқан иіс соңғы уақытта тіпті күшейіп кеткен көрінеді. Соның кесірінен тұрғындар есік терезені ашпай, үйдің ішінде демала алмай отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу