Шымкент тұрғындарының қолқасын қапқан иістің қайдан шыққаны анықталды

1316

Шымкент тұрғындарының қолқасын қапқан иістің қайдан шыққаны анықталды

Жағымсыз иіс "ПетроКазахстан Ойл Продактс" ЖШС-нан тараған болып шықты, деп хабарлайды "Қазақпарат".

Ауа сынамаларының нәтижелері белгілі болды. "Қазгидромет" мамандары көшпелі зертханада атмосфералық ауаның ластануына мониторинг жүргізді. Жағымсыз иіс "ПетроКазахстан Ойл Продактс"-тан шыққаны анықталды.

"Екі жерден жүргізілген тексеріс: СҚЗ иіс көзінен 500 м арақашықтықта және Қарабастау ауылының тұрғын алабы, Қамбарұлы көшесінде күкірт диоксидінің шекті рұқсат етілген концентрациясы байқалды" деп мәлімдеді ОҚО ТЖД.

Еске салайық, жақында Шымкент тұрғындары қаланың бірнеше ауданынан қолқаны қабатын өткір иіс сезген болатын. Алайда құтқарушы бригадалар газдың ақауын таппады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу