Шымкент тұрғыны 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатпақ болған

438

Қылмыстық істі Қаржылық мониторнг агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті тергеді.

Шымкент тұрғыны 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатпақ болған Фото: Pixabay.com

Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторниг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған факті бойынша қылмыстық істі Қаржылық мониторнг агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті тергеді.

"Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.

Агенттік егер сіз жалған ақша тапсаңыз, ең бастысы, оны сатуға тырыспау керегін ескертеді. Мұның соңы ҚР ҚК 231-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу