Бұрын бірге тұрған ер адамның өзін қорқытып жүргені туралы қала тұрғыны полицияға жүгінген. Ер азамат сүйікті қызының интимдік видеоларын интернетке таратпау үшін 20 мың доллар талап еткен. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері күдіктіні 2 миллион теңге көлемінде бопсалаған соманың бір бөлігін алу кезінде парамен ұстады. Полиция бұл факті бойынша, тергеу жұмыстарын бастады. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Құқық қорғаушылар мұндай жағдайларда дереу полицияға хабарласуға кеңес береді.