Шымкент тұрғыны дүкеннен 7,5 миллион тұратын аяқкиім мен ойыншықтарды ұрлап кеткен

545

Ол 18 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. 

Шымкент тұрғыны дүкеннен 7,5 миллион тұратын аяқкиім мен ойыншықтарды ұрлап кеткен Фото: polisia.kz

Полицейлер әмбебап дүкенді тонады деген күдікке ілінген азаматты сотқа дейін тергеп жатыр. 

Шымкент қалалық Ішкі істер департаментінің мәліметінше, полицейлерге әмбебап дүкеннің қоймасынан ірі көлемдегі тауар партиясы ұрланғаны туралы ақпарат түскен. Сауда нысанының иесі жалпы құны 7,5 миллион теңгеден асатын ойыншықтар, сөмкелер мен аяқкиімдердің жоғалғанын айтқан.

Абай атындағы облыстық унитарлық бөлімшенің қызметкерлері көшедегі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, тауарды дүкеннен қандай жүк көлігімен алып шыққанын анықтады. Тәртіп сақшылары ұры тауарды алып кеткен жерді тауып, күдіктіні ұстады.

"Тергеуге сай, жас жігіт түнде аллеяларды бойлай келе жатып, дүкен ғимаратының артқы жағындағы терезені байқап, сол арқылы кіріп, кассаның жанынан үй-жайдың кіреберіс есігінің кілтін тауып алған. Ол кабельдерді қуат көздерінен ажыратып, бейнебақылау жүйелерін өшіріп тастаған. Содан кейін жүк тасымалдау қызметін көрсететін көлікті шақырған. Келген көлікті тауармен толтырып, оқиға орнынан кетіп қалған", - деп хабарлады Шымкент қалалық ІІД.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу