Шымкент тұрғынына есірткі сақтағаны үшін айыппұл салынды

430

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында 48 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.

Шымкент тұрғынына есірткі сақтағаны үшін айыппұл салынды Фото: aikyn.kz

Бұл туралы  inbusiness.kz  polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті қала көшелерінің бірінен оралған қаптамадағы есірткі затын тауып алған және өзі тұтынбақшы болғаны белгілі болды. Алайда, оның ойы іске аспады. Қалалық полиция қызметкерлері оқиғаны анықтап, есірткіні тәркілеп алды.

Бұл қылмыстық іс сотқа жолданған. Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, бұрын өзі есірткі затын қолданғандықтан, тауып алған затты өзі қолдану мақсатында қалтасына салғанын айтып, бұл үшін қатты өкінетінін жеткізді. 

Сот үкімімен ер-азамат ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігінде (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 

Сонымен қатар айыпталушыға 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу