Шымкент тұрғыны қорасында марихуана салынған қаптарды сақтаған

401

2 үлкен қап марихуана табылды.

Шымкент тұрғыны қорасында марихуана салынған қаптарды сақтаған Фото: polisia.kz

Шымкент тұрғыны қарасора өсіріп, қорасында марихуана салынған қаптарды сақтаған, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

48 жастағы жергілікті тұрғынның бақшасынан тәртіп сақшылары қарасора бұталарын тауып, тәркіледі. Сонымен қатар үйдің жанындағы мал қорасын тексеру кезінде скотчпен оралған, 2 үлкен қап марихуана табылды. Құрамында есірткі бар кептірілген өсімдіктердің жалпы салмағы 20 келі болды. 

Ер адам ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі және 300-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін күдікті деп танылды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер есірткіге қатысты кез келген заңсыздыққа жол бермеу туралы ескертеді. Есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу