21 қараша күні Абай АПБ-ның "102" арнасына қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші өз шағымында бейтаныс азаматшаның "мектепке мұғалімдікке жұмысқа орналасуға көмектесемін" деген сөзіне сеніп, оған 800 мың теңге ақша бергенін айтқан. Арада екі ай өтсе де әйел "уәдесін" орындамаған.
Тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні – 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның жұмыссыз әрі бұрын істі болмағаны белгілі болды.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.