Шымкент тұрғыны өзін өртеп жіберді

817

Шымкент тұрғыны өзін өртеп жіберді

Шымкентте ер кісі өзін-өзі өртеп жіберді. Оны құтқармақ болған балдызын (әйелінің сіңлісі) да өрт шалды, деп хабарлайды baq.kz.

Оқиға Шымкент қаласының Бозарық елді мекеніндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде болды. 1979 жылғы ер кісі туыстарының көзінше үстіне бензин құйып, өзін өртеген.

"Ер кісі өзін өртемек болды. Бұл жағдайға қатысты полицейлер Қылмыстық кодекстің 105-бабымен (өз-өзіне қол жұмсау) іс қозғады. Ер кісінің бұл әрекетіне отбасылық жанжал себеп болған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр", – дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бас маманы Спабек Жарқынбеков.

Өзіне қол жұмсамақ болған азаматтың денесінің 75 пайызы, ал оны құтқармақ болған балдызының денесінің 12 пайызын күйік шалған. Қазір екеуі де Оңтүстік Қазақстан облыстық жоғарғы қысымды оттегімен емдеу орталығында жатыр.

"Түнгі сағат 00.35 минутта 1979 жылғы ер кісі ауыр халде орталыққа түсті. Алкогольді ішімдік ішкен ол отбасылық жанжалдан соң осындай әрекетке барған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Ал оның 1997 жылғы балдызы да осы медицина мекемесінің палата бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа", – дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Асылбек Досалы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу