Шымкент қаласының 29 жастағы тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот шешімімен Акимхан Акерке 86 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзуға, бейәдеп сөздер қолдануға және өзгелердің ар-намысына нұқсан келтіруге жол берілмейтінін ескертті. Мұндай әрекеттер үшін заңда жауапкершілік қарастырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу