N1 қалалық клиникалық аурухана базасында өткен бүйрек трансплантациясын дәрігерлер екі кезеңмен жасады. Білікті мамандар донордан бүйректі алып, кейін оны туған бауырына салып берді.
Айта кететіні, донор кезегінде тұрған азамат 2001 жылғы. Ол сырқатына байланысты 6 жылдан бері гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Науқасқа 1996 жылғы туған ағасы бір бүйрегін берген. Дәрігерлер отаның сәтті өткенін, екі пациенттің де жағдайы жақсы екенін жеткізді.
"Дәрігерлер ағзасын берген азаматты ауруханадан үйіне шығарды. Мұндай ота бүйрек жетіспеушілігімен есепте тұратын науқастардың сауығып кетуіне зор мүмкіндік береді" - деп жазылған Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.