Шымкент тұрғыны жалған шот-фактура арқылы 443 млн теңге салықтан жалтарған

586

Аталған фактіні ҚМА аймақтық Департаменті тергеді.  

Шымкент тұрғыны жалған шот-фактура арқылы 443 млн теңге салықтан жалтарған Фото: freepik

Шымкент тұрғыны жұмысын нақты орындамай әрі тиісті қызмет көрсетпей жалған шот-фактуралар жазып бере беру арқылы мемлекеттік бюджетке шығын келтіріп, салық төлеуден қашқан, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген", - делінген хабарламада. 

Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, 15 млн теңгеден астам сомаға қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу