Шымкент тұрғыны жүкті әйелдердің атына заңсыз 217 млн теңге төлем рәсімдеген

137

Заңсыз әлеуметтік төлемдер бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент тұрғыны жүкті әйелдердің атына заңсыз 217 млн теңге төлем рәсімдеген Фото: freepik

Қала прокуратурасы әлеуметтік төлемдердің тағайындалу заңдылығына жүргізген талдау нәтижесінде "У" есімді азаматшаның заңсыз іс-әрекетін әшкереледі.

Талдау барысында аталған азаматша жеке кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін пайдаланып, жүкті әйелдерді кәсіпорындарға жалған жұмысқа орналастырғаны анықталды.

Әрі қарай ол жүкті әйелдердің атына заңсыз түрде әлеуметтік төлемдерді рәсімдеп, белгіленген қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған.

Заңсыз іс-әрекеттің салдарынан мемлекетке 217 млн тг көлемінде шығын келтірілген.

Аталған факті бойынша ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне әрі қарай тергеп-тексеру үшін жолданды.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу