Шымкент тұрғынынан Қызыл кітапқа енген 10 шақты құс тәркіленді

400

Күдікті құстарды жеңіл көлікпен тасымалдаған.

Шымкент тұрғынынан Қызыл кітапқа енген 10 шақты құс тәркіленді Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері шымкенттік тұрғыннан 10 шақты Қызыл кітапқа енген құс тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Түркістан облысының полицейлері тінту кезінде күдіктіден Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген құстардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген 10 түрін тапқан. Ер адамнан балобандар мен қарабауыр бұлдырық құстары тәркіленді.

Күдікті құстарды жеңіл көлікпен тасымалдаған. Жағдайды одан әрі анықтау үшін ұсталған адам полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жабайы құстар Шымкенттің мемлекеттік хайуанаттар бағына берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу