Шымкент тұрғынынан тапанша мен оқ-дәрілер тәркіленді

808

Атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған 31 жастағы азамат анықталды.  

Шымкент тұрғынынан тапанша мен оқ-дәрілер тәркіленді Фото: inform.kz

Жедел уәкілдер күдіктінің жеке басын тінту барысында одан 9 мм Макаров тапаншасы мен 3 дана оқ-дәрі тәркіледі, деп жазады inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

"Сот-баллистикалық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген қару 9 мм атуға жарамды жауынгерлік тапанша екені нақтыланды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелді. Бүгінгі күні қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу