Шымкент ТЖД автопаркі 17 қызметтік көлікпен толықты

1499

Алдағы уақытта тағы 35 арнайы техника сатып алынып, жаңа әкімшілік ғимараттың құрылысы қолға алынбақ.

Шымкент ТЖД автопаркі 17 қызметтік көлікпен толықты

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі 17 қызметтік көлікпен толықты. Бұл мақсатқа шаһар қазынасынан 118 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды 24.kz.

Жаңа көліктер құтқарушылар қызметінің ұтқырлығын арттырып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге ықпал етеді деген сенімде ведомстводағылар.

Бүгінде Шымкент бойынша 8 өрт сөндіру бөлімі және бір бекет бар. Бұл ірі мегаполис үшін жеткіліксіз. Сондықтан алдағы уақытта тағы 35 арнайы техника сатып алынып, жаңа әкімшілік ғимараттың құрылысы қолға алынбақ.

 "75 өрт сөндіру техникасы бар. Техника жетіспейтіні бар. Бүгінгі алып жатқан техниканың өзі төтенше жағдайдың алдын алуға септігін тигізеді. Бірінші кезеңде 17 техника алып жатырмыз, барлық өрт сөндіру бөлімдеріне. Екінші кезеңде 35-ке жуық өрт сөндіру техникасын алатын боламыз", – дейді қалалық ТЖД басшысы Нұрболат Дербісов.: 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу