Шымкент жатақханасындағы студенттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

562

Шымкенттегі жатақханада қайтыс болған студенттің өліміне күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Шымкент жатақханасындағы студенттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

"Екі күдікті ұсталды. Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Нәтижесінде ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеді", делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1 курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу