Шымкент жылу ақысы қымбат қалалардың үштігінде тұр

754

Жылу тарифі қымбат қалалардың тізімі белгілі болды.

Шымкент жылу ақысы қымбат қалалардың үштігінде тұр

Energyprom.kz елдегі ірі қалаларды жылу тарифі бойынша жіктеп шығыпты. Бір қызығы Қазақстанның солтүстігіне жақын, қысы айтарлықтай қатал өтетін Көкшетау мен Павлодар жылу тарифі ең арзан қалалардың көшін бастап тұр. 11 айда ел тұрғындары 72 млн Гкал энергия тұтынған екен. Бұл өткен жылғыдан 1,4% аз көрінеді. Оны ақшаға шақсақ, 234,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. 

Өңірлер арасында Павлодар облысы ең көп энергия шығарған. 72 млн Гкал энергияның 12 миллионы соларға тиесілі. Алғашқы үштікті Қарағанды (10,3 Гкал) мен Алматы облыстары (7,1 Гкал) түйіндеп тұр. 

"Қараша айында орталықтандырылған жылу тарифінің құны республика бойынша орта есеппен 1 Гкал энергияға 3,5 мың теңге болды. Бұл былтырғыдан 0,2% қымбат. Ең қымбат қалалардың үштігінде  Атырау (5,5 мың тг), Шымкент (5,1 мың тг) и Алматы (5 мың тг) қалалары тұр. Ал ең арзан қала Көкшетау болып тұр Мұнда 1 Гкал жылу энергиясының құны тұрғындар үшін 1,8 мың теңге", – деп жазады Energyprom.kz.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу