Зообағымызда 4 сәуір күні сағат 17:40-та қолайсыз жағдай орын алды. Зообаққа келген бір отбасы тақтайшаларда жазылған ескертулерді елемей, маймылдар мекен ететін вольердің шыны әйнегін кішкентай қызы бірнеше рет ұрып, болмаған соң сыртқа шығып, тас алып келіп қасақана сындырып кеткен. Ата-анасы болған жағдайды көре тұра зообақ қызметкерлеріне ескертпей іздерін суытқан. Қазіргі уақытта осы мәселе жан-жақты қарастырылуда. Егерде кімде-кім осы видеодағы кісілерді танитын болса, сіздерден өтініш зообақ әкімшілігіне хабарласуын сұранамыз! Өз еркімен хабарласпаған жағдайда біз өкінішке орай Шымкент қалалық полиция департаментіне жүгінеміз.
Осындай жағдайларды болдырмай, алдын алу үшін хайуанаттар бағына келгенде барлық ережелерді сақтауды талап етеміз! Қандай да бір ереже бұзған оқиғаларға куә болсаңыздар, зообақ қызметкерлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз, делінген хабарламада.