Шымкент зообағында қызыл қасқыр дүниеге келді

925

3 сәуір күні Майк пен анасы Чакки атты қызыл қасқырлар жұбынан, алғашқы күшік дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

 Шымкент зообағында қызыл қасқыр дүниеге келді Фото: instagram.com

Күшік сәуір айының басында дүниеге келген, бірақ хайуанаттар бағының әкімшілігі бұл қуанышты хабарды бүгін, 22 мамырда ғана жариялады, өйткені олар сәбидің өсіп, күшейгенін күткен еді. Күшікке - Ракша  деген ат берген.

"Қызыл қасқырдың алғашқы тумасы болғандықтан, оны анасы бауырына баспады. Сондықтан біз күшікті анасынан бөлек алып, арнайы емізікпен азықтандырдық. Қазіргі таңда күшік өз бетінше азықтанып, айналасына мән бере бастады", делінген зообақ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу