Шымкент зообағында соңғы үш жылда 125 аң өлген

836

Шымкент зообағында соңғы үш жылда 125 аң өлген

Шымкенттегі зообақтың экс-директоры Сейдулла Жұбаев аңдарға дұрыс күтім жасалмағандықтан, олар қырылып жатыр деп дабыл қақты. Бұл туралы ernur.kz хабарлайды.

Бұл мәліметті тілшілерге жайып салған бұрынғы басшының айтуынша, зообақта соңғы үш жылда 55 аң өлген екен. Алайда қазіргі басшы бұл цифрмен келіспейді. Қайта керісінше, өзі директорлық қызметке келгелі аңдардың өлуі саны азайған.

"Үш жылда елу бестен де көп өледі ғой. Мысалыға, 2014 жылы (ол кезде экс-директор басшылық қызметте болған) алпыс сегіз аң өлсе, 2015 жылы - 55, 2016 жылы - 45, ал былтыр 25 аң өлді. Естеріңізде болса, мен күзде зообақта атқарылған жұмыстар туралы тілшілерге брифинг бергенмін. Сонда нақты көрсеткіштер айтылды. Мен қызметке келмей тұрып, яғни, үш жыл бұрын мұндағы аң саны екі мыңнан аз еді. Қазір екі жарым мыңнан асады. Сондай-ақ, аң түрі де үш жылда артып отыр. 2015 жылы "Шымкент" зообағында 168 аң түрі болды. Бүгінгі таңда олардың түрі 248-ді құрап отыр", - деді "Шымкент зообағы" МҚК-нің басшысы Нұрғазы Бұхарбаев.

Аңдардың өлу себебін түсіндірген басшы оны табиғи заңдылық деп отыр. Айтуынша, аңдардың белгілі бірі табиғи өмір сүретін уақыты бар, жасы келген соң жануарлар да өледі. Кейбірі аурудан, енді бірі оқыс жағдайлардан да жойылып жатады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу