Шымкентің бюджеті 4 есеге артты – Мұрат Әйтенов

614

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент әкімі Мұрат Айтенов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шымкентің бюджеті 4 есеге артты – Мұрат Әйтенов

"2022 жылға бюджет көлемі 573,7 млрд теңгені құрады. Оның 47%-ы әлеуметтік салаға бағытталса, 21%-ы даму жобаларына бөлініп отыр", – деді спикер. 

Оның айтуынша, бюджет қаражатын ұлғайту арқылы қаладағы біршама өзекті мәселелер шешімін табуда.

"Мегаполис болғалы Шымкент қаласының бюджет көлемі 4 есеге артты. Бюджетті жоспарлауда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында 158 жобаға 3,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 140 балалар ойын алаңы, 24 ашық спорт алаңы және 2 ирригациялық арық орнатылуда. Бүгінде қаланың кез келген тұрғыны "электрондық үкіметтің" веб-порталына кіріп, өз ұсыныстарын қалдырып, кері жауап алу мүмкіндігі бар", – деді Шымкент әкімі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу