Шымкентке 30 жаңа автобус жеткізілді

1196

Шымкентке 30 жаңа автобус жеткізілді

Шымкентке 30 дана жаңа автобустар партиясы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Шымкент Bus" компаниясының жаңа дизайнмен көркейтілген автобустары енді қаланың орталық бөлігіндегі тұрғындарға қызмет көрсетеді. Көлік саласының өкілдері қаланың сырт жағындағы аймақтарды да назардан тыс қалдырмаған.

"Қалаға жағын ауылдарға әлеуметтік бағыттар қажет. Жеке тасымалдаушылар шығындарын өтей алмайды. Осы себепті біз 10 әлеуметтік бағытты белгіледік. Бұл бағыттар бойынша жұмысқа бюджеттен субсидия бөлінеді. Біз қазір орталықта жүрген автобустарды осы бағыттарға жөнелтеміз де, жаңа көліктер қаланың орталығында жұмыс істейді", - деді жолаушылар көлігі бөлімінің жетекшісі Қуатжан Жұматаев.

Тағы 70 жаңа автобус Шымкентке қаңтар айының соңына таман жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу