Шымкентке бет алған FlyArystan-ның екі рейсі бағытын өзгертті

393

Әуе компаниясы жағдайды түсіндірді.  

Шымкентке бет алған FlyArystan-ның екі рейсі бағытын өзгертті Фото: pinterest.com

22 шілде күні Шымкент әуежайында ұшу-қону жолағының уақытша жабылуына байланысты FlyArystan әуе компаниясының Ақтау мен Алматыдан Шымкентке бағыт алған екі рейсінің бағыты өзгертілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуе компаниясының ақпаратына сәйкес, Ақтау – Шымкент бағытындағы FS7580 рейсі Алматы әуежайына қонған. Алматыдан Шымкентке ұшуы тиіс болған FS7105 рейсі Шымкент әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылғандықтан, Алматыға кері қайтқан. Ұшу-қону жолағы қайта ашылған соң Алматыдан FS7580 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 01:21-де, ал FS7105 рейсі 02:56-да Шымкентке ұшып шыққан. 

Бұдан бөлек Шымкент – Ақтау бағытындағы FS7579 рейсі, Шымкент – Алматы бағытындағы FS7106 рейсі кешіктірілгені белгілі болды.

FlyArystan бұл жағдайлар әуе компаниясына байланысты емес себептерден туындағанын хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу