Екі күн ішінде көктайғақтан құлап, дәрігерлердің көмегіне жүгінушілерде екі есеге көбейді, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Қалада көктайғақтан көлік қозғалысы қиындаған. Дегенмен, қазір коммуналдық сала қызметкерлері жолдарды ашу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, көктайғақтан құлап, жарақат алған тұрғындардың қатары артқан.
Синоптиктердің айтуынша қар ертеңге дейін жауады. Күн райы да аязды болмақ. Қаладағы ауа-райы түнде -24,-26, ал күндіз -13,-15 градусқа дейін төмендейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу