Шымкентке келген өзбекстандық келіншек хостелде көз жұмды

994

Төтеншеліктер болжамы бойынша 36  жастағы әйел уланып қайтыс болған, оның екі баласы ауруханада.  

Шымкентке келген өзбекстандық келіншек хостелде көз жұмды

Өзбекстаннан пойыз арқылы Шымкентке келген келіншек хостелде бөлме жалдаған. Отбасы таңғы уақытта өздерін нашар сезініпті. Бірақ оқиға орнына мамандар келіп жетемін дегенше өзбекстандық азаматша көз жұмды. Ал оның екі баласы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, бір баланың жағдайы орташа, ал екіншісінің халі ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

"Өзбекстан Республикасының азаматтары пойызбен келіп, осы хостелге қоныстанған. 1985 жылы туған  азаматша мен  2016 және 2010 жылдары туған екі бала болған. Қазіргі уақытта балалар ауруханада. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді  Шымкент қаласы ТЖД басқарма бастығы Бахадыр Расылов.

Төтеншеліктердің болжамы бойынша, бұл отбасы белгісіз затпен уланған.

Газ саласының мамандары хостел бөлмесінде мұржасы жоқ ағынды су жылытқышты, яғни гофраны анықтаған. Бірақ тексеру кезінде терезелер ашылып, кран жабық болған екен. Сондықтан төтеншеліктер келіншек иістеніп емес, тағамнан уланып көз жұмуы мүмкін деген нұсқаны да айтып отыр.  Оқиға болардан бір күн бұрын кешкі уақытта бұл отбасы баялды жеген екен. Мамандар қазіргі таңда ол тағамды зертханаға жіберді.

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу