Қазақстандағы май өнімдерінің ірі өндірушісі "Шымкентмай" АҚ нарыққа жаңа өнім – құрамында кокос майының 20% мөлшері бар шаруашылық сабынын шығарады, деп хабарлайды "Қазақстан даму банкі" АҚ қоғаммен байланыс қызметі.
Өнім экологиялық жағынан таза, оның құрамына дистиллияцияланған тоң май қышқылдары, өзіндік өндірістің өсімдік майлары және сабынның қасиетін жақсартатын арнайы қоспалар бар.
"Шымкентмай" АҚ осыдан үш жыл бұрын Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде "Қазақстанның Даму банкі" АҚ-дан банкаралық қаржыландыру желісі бойынша өсімдік майын рафинациялау және дезодорациялау цехының құрылысын салуға қарыз алған болатын.
Бүгінде зауыт іс жүзінде барлық май дақылдарын қайта өңдеуге, олардың майларына рафинациялау мен дезодорациялау жүргізуге қабілетті, бұл ретте олардың қасиеттерін жоғалтуға жол берілмейді және майдың әрбір түрінің дәмдік және тағамдық ерекшеліктері толық сақталады.
Зауыт қалдықсыз өндіріс технологияларының арқасында дистиллияцияланған және стеариндік тоңмай қышқылдарының табиғи натрий тұздарынан, сондай-ақ азықтық өнімдер – әртүрлі майлы дақылдар мен мақта қауыздарының күнжараларынан алынған шаруашылық сабынын шығаруды жолға қойды.
Биыл компанияның өндіріс көлемі: өсімдік майлары бойынша – 29 мың тоннаны, шаруашылық сабыны – 8,5 мың тоннаны, азықтық өнім 90 мың тоннаны құрады.
Қазақстандық өндіріс өнімін сатып алатын елдер тізімінде – Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Ауғанстан, Қырғызстан және Түркия бар.
Өткен жылы ҚДБ мемлекеттік бағдарлама шеңберінде компанияға "Шымкентмай" АҚ экспорттық операциясына 2021 жылға дейін 3 млрд теңге мөлшерінде кредиттік желі ашты.
Бүгінгі таңда компания өз түсімінің 70% жуығын өнімнің экспорттық жеткізілімдері есебінен алады. Компанияның экспорттық жеткізілімдерінің көлемі 2018 жылы 16% өсті.