Шымкентте "17" нөмірі бір күнде 50 автокөлік иесіне берілді

819

Автокөлік құралдарына қатысты өзгерістер Шымкент қаласына мегаполис мәртебесі берілгеннен кейін енгізілді. Жаңа көлік алатын Түркістан облысының тұрғындары үшін "13" нөмірі қалдырылады. 

Шымкентте "17" нөмірі бір күнде 50 автокөлік иесіне берілді

Шымкенттік автокөліктерге "17" нөмірі беріле бастады. Жаңа белгілік нөмірдің алғашқы иелері автокөліктерін мамандандырылған ХҚКО-да рәсімдеуде. Оларға Шымкенттің 8 ХҚКО-ны есепке алғанда, мемлекеттік корпорацияның 25 фронт-офисі қызмет көрсетеді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Автокөлік құралдарына қатысты өзгерістер Шымкент қаласына мегаполис мәртебесі берілгеннен кейін енгізілді. Жаңа көлік алатын Түркістан облысының тұрғындары үшін "13" нөмірі қалдырылады. Көлік жүргізушілері көліктерін Түркістан және Сайрам аудандарындағы мамандандырылған ХҚКО арқылы тіркеуге болады.

Жаңа нөмірлерді рәсімдеу үшін автокөлік иесінің жеке басын куәландыратын куәлігі мен техникалық төлқұжаты қажет. Онымен қоса мемлекеттік нөмір талап етіледі. Орталық қызметкерлері бір жарым сағат ішінде рәсімдеп береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу