Шымкентте "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 300-дей отбасы баспаналы болды

964

Шымкентте "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 300-дей отбасы баспаналы болды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан тұрғын үйлердің иелеріне пәтер кілтін табыстады. Мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 288 отбасы баспаналы болды. 9 қабатты тұрғын үйлердің құрылысын "Югстройсервис-Н" және "Шымкентстрой" ЖШС-і мердігер мекемелері жүргізген. Қос нысанның құрылыс жұмыстары 2016 жылы басталып, бүгінде ел игілігіне тапсырылуда.

Облыс басшысы мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында елге беріліп жатқан тұрғын үйлер Елбасының халыққа деген қамқорлығының көрінісі екендігін атап өтті.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының мақсаты - әрбір қазақстандық отбасын жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету. Елімізде соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс орталығын айтпағанда, өңірдің түкпір-түкпірінде тұрғын үйлер қарқынды бой көтеріп, жерлестеріміз жаңа пәтерлерге ие болуда. Міне бүгін мемлекеттік бағдарлама бойынша 288 пәтер өз иесін тауып отыр. Биылғы жыл бүгінгі пәтер иелері үшін қуанышты сәттен басталғалы отыр. Сіздерді қоныстарыңызбен құттықтаймын, шаңырақтарыңыз бақыт пен қуанышқа, бала күлкісіне толсын", - деді өңір басшысы.

Айта кетерлігі, 2017 жылы аумағы 625,789 мың шаршы метрді құрайтын жалпы саны 7500-ге жуық пәтер берілген. Оның ішінде 3 мыңнан астам пәтер "Бәйтерек" АҚ арқылы берілген арендалы тұрғын үйлер болса, 2285 пәтер жекеменшіктік есебінен алынған тұрғын үйлер. Бұдан өзге, жас отбасыларға арналған және сатып алу құқығынсыз берілетін арендалы, сондай-ақ кредиттік тұрғын үйлер бойынша 2161 пәтер берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу