Шымкентте "Шабыт шеруіне" 15 мың оқушы мен 210 студент қатысты

889

Шымкентте "Шабыт шеруіне" 15 мың оқушы мен 210 студент қатысты

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы - Шымкент қаласында балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің "Шабыт шеруі" атты мерекелік іс-шарасы  өтті. 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шараға облыстан 15 мың оқушы мен 210 студент қатысты, деп хабарлайды ontustik.gov.kz.
Шерудің ашылу салтанатында сөз алған  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев балаларды мерекемен құттықтап, болашақ ұрпаққа берілетін білім мен тәрбиенің маңыздылығына тоқталды. 

"Оңтүстікте соңғы жылдары бала санының арта түсуі бізді айырықша қуантып отыр. 2016 жыл 80 мыңға жуық нәрестенің дүниеге келіп, аймағымыз демографиялық көрсеткіштермен көш бастады. Өңірде мектеп жасындағы балалар саны 611 мыңнан аса оқушыны құрап, республикалық көрсеткіштің 21 пайызына жетті. Сонымен бірге жыл сайын мектептердегі оқушылар саны шамамен 30 мыңға артуда.  Осыған орай, алдағы 5 жылда 205 жаңа мектептің құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз", - деді Жансейіт Қансейітұлы.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу